📅 13.04.2025 🏆 Buketov Cup 2025 🎯 1 орын
Тағы бір үлкен жеңіс! 🏆
Осы дүбірлі додада университетіміздің мақтанышына айналған аға буын пікірсайысшымыз – Ералы Нұрхан мен серіктесі Қадырғазиев Нұрсұлтан топ жарып, турнир жеңімпазы атанды!

Жүлде ретінде жеңімпаздарға 250 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы табысталды.

Біз өз тарапымыздан Нұрхан мен Нұрсұлтанды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз! Сенім мен еңбек жеңіске жетелейді.