ЕЛІМІЗДІҢ ҮЗДІК ДЕБАТШЫЛАРЫ TOU-ДА БАС ҚОСТЫ
аяқталды республикалық

Негізгі ақпарат

📅 Өткізу күндері: 15.11.2025 - 16.11.2025
⏰ Дейін тіркеу: 10.11.2025
💰 Жүлде қоры: 200 000 ₸
👥 Қатысушылар саны: 32

Турнир жайлы

Торайғыров университетінде «Заң және тәртіп» қағидасын кеңінен насихаттау аясында дәстүрлі республикалық «PRESIDENT CUP VI» пікірсайыс турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аталмыш турнирге Қазақстанның 10 аймағынан 17 жетекші университетінен жиналған 64 мықты пікірсайысшы білім мен ой тартысының алаңында бас қосып, өз шеберліктерін сынға салды.

Қазіргі таңда пікірсайыс жастар үшін ерекше маңызды, өйткені ол сыни ойлау дағдыларын дамытып, ақпаратты талдай білуге, дәлелді сөйлеуге, қоғамдық мәселелерге белсенді көзқарас қалыптастыруға үйретеді. Пікірсайыс мәдениеті жас буынның көшбасшылық қабілеттерін шыңдап, жауапты азаматтық ұстанымын қалыптастыруда маңызды құралға айналып отыр.
Осы тартысты додада әркім өз шеберлігін танытса да, бәрінен оза шығып, нағыз үздіктердің есімі анықталды.

Альфа алаң жеңімпаздары
«Твикс»
Ануарбеков Сағыныш
Кенжебай Асель

Альфа алаң финалисттері:
«Bless»
Қадыл Мадияр
Бердалы Құнанбай

«Ия сен күштісің»
Абутали Айдын
Жумагали Чингиз

«Қаныш Сәтпаев»
Ахатқызы Бинұр
Сарсенбаев Жігер

Үздік спикер
Мухитжан Ролан

Бэта алаң жеңімпаздары

«Max Verstappen»
Нұрасыл Мырзалиев
Дулат Сериков

Бэта алаң финалисттері

«У нас могло бы не быть Алиби»
Бағдат Алиби
Маратов Ильяс

«Samruk S»
Манатбек Шерхан
Әмірәлі Аяулым

«Футбольчик»
Төлегенов Еркебұлан
Тулегенов Диас

Жастар алаңының жеңімпаздары

«Колибри»
Ерболқызы Зарина
Қазкен Сабина

Жастар алаңы финалисттері

«Сагинов SSR»
Бекзатұлы Бексултан
Нургалиева Айнагүл

«Мен және менің досым»
Сағымұлы Мади
Алпысбай Назерке

«Сагинов НӘ»
Нұрмағанбетов Нұрсұлтан
Жұмақан Айшат

Жастар алаңының үздік спикері
Бекзатұлы Бексултан

Үздік төреші
Нурсеинова Аяулым

Жеңімпаздарды құттықтаймыз
Келесі “PRESIDENT CUP” турнирінде кездескенше

📋 Ұйымдастырушылар

"President" дебат клубы

⚖️ Төрешілер

"President" дебат клубының төрешілері

🎬 Турнир тизері