ЖЕҢІС!🏆

ЖЕҢІС!🏆

🏆 SHYN CUP

🎯 1 орын

5-6 сәуір күндері Петропавл қаласында, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің қабырғасында өткен, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған SHYN CUP республикалық пікірсайыс турнирінде біздің President дебат клубының аға буыны — Жақсылық Бекхан мен серіктесі Ролан Мухиджан жоғары деңгейде ойын көрсетіп, турнир жеңімпаздары атанды!

📅 06.04.2025

Толығырақ →
Жастар бастамаларын дамыту орталығы 🏛️ мен «PRESIDENT CUP» дебат клубы 🏆 Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «MURA cup» пікірсайыс турнирі

Жастар бастамаларын дамыту орталығы 🏛️ мен «PRESIDENT CUP» дебат клубы 🏆 Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «MURA cup» пікірсайыс турнирі

🏆 MURA cup

🎯 Жеңімпаз, финалист

Бүгін 3 сәуір Жастар бастамаларын дамыту орталығының қолдауымен және PRESIDENT пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен, “Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына “ орай «Mura Cup» ішкі турнирі өтті.

📅 03.04.2025

Толығырақ →
Көшпенділер Көкжиегі 2025

Көшпенділер Көкжиегі 2025

🏆 Көшпенділер Көкжиегі 2025

22-23 ақпан күндері Астана қаласында “Nazarbayev University” ұйымдастыруымен өткен “Көшпенділер Көкжиегі 2025” республикалық дебат турниріне еліміздің әр өңірінен мықты пікірсайысшылар жиналды. Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға тартысты пікірталастар мен қызықты қарарлар ұсынылды.

📅 23.02.2025

Толығырақ →
“BAITURSYNULY-CUP-XIX” пікірсайыс турнирі біздің “President DC” аға буындары үшін аса нәтижелі болды!

“BAITURSYNULY-CUP-XIX” пікірсайыс турнирі біздің “President DC” аға буындары үшін аса нәтижелі болды!

🏆 BAITURSYNULY-CUP-XIX

🎯 Жеңімпаз, үздік спикер, финалист

Қостанай қаласында 22-23 ақпан күндері өткен республикалық “BAITURSYNULY-CUP-XIX” пікірсайыс турнирі біздің “President DC” аға буындары үшін аса нәтижелі болды!

📅 23.02.2025

Толығырақ →
2024 ЖЫЛДЫҢ ЖАРҚЫН ҚОРЫТЫНДЫСЫ! 🥳

2024 ЖЫЛДЫҢ ЖАРҚЫН ҚОРЫТЫНДЫСЫ! 🥳

🏆 TPO Cup I

🎯 Үздік Дебатер

28-29 желтоқсан күндері Түркі әлемінің рухани астанасы саналатын киелі Түркістан шаһарында республикалық “TPO Cup I” пікірсайыс турнирі өтті!

📅 29.12.2024

Толығырақ →
Алдыңғы аптаның жарқын жетістіктері 🔥

Алдыңғы аптаның жарқын жетістіктері 🔥

🏆 Kongress Cup X және Ақиқат алаңы

🎯 ЖФ, 1/4, 1/2, 2-3 орындар және "Үздік Анализатор"

31 қараша мен 1 желтоқсан күндері Семей қаласында өткен “Kongress Cup X” Республикалық пікірталас турнирі біздің студенттеріміз үшін жемісті өтті. Бұл турнир пікірсайыс еліміздің үздік қатысушыларын жинап, жоғары деңгейдегі интеллектуалдық сайыстың куәсі болды. Турнир қорытындысы бойынша Семей өңірінің пікірсайысшылары тамаша нәтиже көрсетті: • Жастар Финалы (ЖФ) финалистер: Маматканова Ажара мен Мейрам Жүсіп финалға дейін жетіп, турнирдің үздіктері қатарында танылды. • ЛД (Линкольн-Дуглас) жетістіктері: Ералы Нұрхан 1/4 финалға дейін озып, өзінің шеберлігі мен білімін дәлелдеді. • Британ парламенттік форматы (БПФ): Ералы Нұрхан мен Назымбек Данияр 1/4 финалға шығып, өз тобының нағыз мықтылары екенін көрсетті. Бұл нәтижелер – Семейдің пікірталасшыларының жоғары деңгейдегі дайындық пен табандылықтың жарқын үлгісі.

📅 03.12.2024

Толығырақ →