Жетістіктер
Пікірсайыс турнирлеріндегі жеңістеріміз бен жетістіктеріміз
АЛМАТЫДА ТОП ЖАРДЫҚ!!!
🏆 TECHNO CUP VII
🎯 1 орын
4-5 наурыз күндері Алматы қаласындағы Сәтбаев университетінде "Технократ" ИПК ұйымдастыруымен ректор кубогына арналған "TECHNO CUP VII" дәстүрлі республикалық пікірсайыс турниріне "PRESIDENT" дебат клубы қатысты. 64 команданың ішінен финалға шығып, турнирдің жеңімпазы атанған клубымыздың аға буыны, Ауылшаруышылық ғылымдар факультетінің студенті Жақсылық Бекхан мен әріптесі @zhakennurkhan -ды жеңістерімен құттықтаймыз!
📅 05.03.2023
Толығырақ →
Kongress CUP VIII республикалық турнирден кубок!
🏆 Kongress CUP VIII
🎯 1 орын, ЖФ
3-4 желтоқсан аралығында Семей қаласындағы Шәкәрім университетінің қолдауымен Конгресс дебат клубының ұйымдастыруымен өткен «Kongress CUP VIII» дәстүрлі республикалық турниріне Торайғыров университетінің «President» дебат клубы қатысты.
📅 06.12.2022
Толығырақ →
Республикалық турнирдің жастар алаңында 1-орын!
🏆 SHOQAN CUP I
🎯 ЖФ жеңімпаз
28-29 мамыр күндері Көкшетау қаласында Зияткер пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен Республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге Қарағанды, Семей, Екібастұз, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Нұр-Сұлтан, Қостанай қалаларының пікірсайысшылары қатысты.
📅 29.05.2022
Толығырақ →
Республикалық турнирден үшінші орын 🥉
🏆 EASY SCIENCE CUP
🎯 3 орын
21-22 мамыр күндері Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы ғылымының дамыту аясында, «EASY SCIENCE CUP» атты Республикалық пікірсайыс турнирі. Турнир қорытындысы бойынша АПФ форматында Жақсылық Бекхан әріптесі Шыңдыбай Мейірболатпен жүлделі үшінші орынға ие болып, ақшалай сыйлықпен марапатталды👏
📅 22.05.2022
Толығырақ →
Аманат партиясының турнирінде топ жардық!
🏆 Аманат партиясының турнирі
🎯 1 орын
Мамырдың 18 жұлдызында «Аманат» партиясының ауыспалы кубогына дебат турнирінің аймақтық іріктеу кезеңі өтті. Турнирге “President ” және “Ақиқат” дебат клубтарының 8 командасы қатысты. “President” дебат клубының “Элита” фракциясы(Сахимзадинова Айсана, Ералы Нұрхан) 1-орынға ие болып, Тараз қаласының 28-29 мамырында өтететін Республикалық турниріне жолдама алды. Жеңімпаздарды құттықтай отыра, алдағы жарыстарға жеңіс тілейміз!
📅 18.05.2022
Толығырақ →
Республикалық турнирден 1 орын🏆🎉
🏆 PARASAT CUP III: back to the 2012
🎯 1 орын
30 сәуір-1 мамыр күндері Семей қаласында "PARASAT CUP III: back to the 2012" атты Республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге 32 команда қатысып, шешім бойынша Жақсылық Бекхан әріптесі Сланбек Елемеспен бірге турнир жеңімпазы атанды!
📅 01.05.2022
Толығырақ →